ШЖҚ МҚК «Алматы облыстық тері-венерологиялық диспансері»
0

 

Директор блогына қош келдіңіз

Муканов Бейбит Мухтарбекович
 

Өмірбаян

 

Мен Мұқанов Бейбіт Мұхтарбекұлы 1963 жылы қазан айының 17-ші жұлдызында  Алматы обылысы Нарынқол ауданы, Сарыбастау ауылында дүниеге келдім. 1972-1982 жылдар аралығында Ленин атындағы орта мектепте оқып, орта білім алдым.

1982-1984 жылдар аралығында  СССР –дың Қарулы күштерінде әскери борышымды өтедім.

1984-1985 жылдар аралығында  Алматы Мемлекеттік Медицина Институтында «Бала емдеу» факультетінде оқып, «Балалар дәрігері» мамандығын алдым.

1994-1996 жылдары Алматы Мемлекеттік  Медицина Институтында «Балалар хирургиясы» кафедрасында клиникалық ординатурадан өттім.

1996-2000  жылдар аралығында   «Алматы облыстық  балалар ауруханасында » «балалар хирургы» болып жұмыс атқардым.

2000-2012 жылдары ШЖҚ «Алматы облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасында»  балалар хирургиясы бөлімшесінде «бөлім меңгерушісі» қызметін атқардым.

2012 жылдың наурыз айынан бастап ШЖҚ МҚК «Алматы облыстық тері венерологиялық диспансерінде» «Директор» қызметін атқарудамын.

Осы уақыт аралығында біліктілікті  артыру және білімімді жетілдіру мақсатында бірнеше рет оқыдым.

 

Денсаулық сақтауға қосқан үлесім үшін «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» және «Гиппократ ордені» мен «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгімен марапатталдым.

2012 жылы кандидаттық диссертацияны қорғадым.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.

В этой форме вы можете задать ваш вопрос:
Защитный код
Обновить картинку