Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – тұтынушыларға медициналық көмекті көрсету бойынша құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру шаралар кешені.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) Қазақстанның барлық азаматтарына, оралмандарға, сондай-ақ Қазақстан аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебеге, тұратын жеріне және кірісіне қарамастан медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке тең дәрежеде қатынауды кепілдік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына төлемдер мен аударымдар бар болған жағдайда МӘМС жүйесінде азаматтардың медициналық көмекті алуға құқығы бар.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы қандай медициналық көмек алады?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде:
алғашқы медициналық-санитариялық көмекті;
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының және бейінді мамандардың жолдамасы бойынша консультациялық-диагностикалық көмекті қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);
уәкілетті орган айқындайтын, ауруханаға жатқызу жағдайларының жоспарланатын саны шеңберінде алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша – стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда);
алғашқы медициналық-санитариялық көмек маманының немесе медициналық ұйымның жолдамасы бойынша – стационарды алмастыратын көмек (әлеуметтік мәні бар аурулар, уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулар кезінде медициналық көмекті қоспағанда).
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төлемдер
Қорға төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары:
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 3,75 пайызы;
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 4 пайызы;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 6 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын, ағымдағы қаржы жылының алдындағы екі жылдағы орташа айлық жалақы мемлекеттің жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Жұмыскерлердің қорға төленуге жататын жарналары:
2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің
1 пайызы;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – жарналарды есептеу объектісінің
2 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Жұмыскерлердің кірістері олардың жарналарын есептеу объектісі болып табылады.
Дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың, кәсіби медиаторлардың, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, шетел мемлекетінің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінде, консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдардың, халықаралық және мемлекеттік ұйымдарда, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарда және қорларда жұмыс істейтін адамдардың жарналары 2017 жылғы 1 шілдеден бастап жарналарды есептеу объектісінен 5 пайыз мөлшерінде белгіленеді.
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жарналарын есептеу объектісі аталмыш шарттар бойынша барлық есептелген кірістер болып табылады.
Қазақстан Республикасынан тыс кеткен азаматтар, сондай-ақ өзге де төлеушілер үшін 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап бір АЖ-дан 5% мөлшерінде белгіленді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар
Жұмыс берушілердің қорға аударымдары мынадай:
2017 жылғы 1 шілдеден бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1%;
2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 1,5;
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 2%;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – аударымдарды есептеу объектісінің 3% мөлшерінде белгілеу ұсынылады.
Кіріс түрінде жұмыскерге төленетін жұмыс берушінің шығыстары аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.
Төлемдерді төлеуден босатылады
Келесі тұлғалар қорға төленетін төлемдерден босатылады:
балалар;
жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
іс жүзінде үш жасқа толғанға дейінгі баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адамдар;
бала (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтімі бойынша демалыста отырған адамдар;
18 жасқа дейінгі мүгедек балаға күтімді жүзеге асыратын адамдар;
зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары;
қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде (пенитенциарлық) (қауіпсіздігі ең төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;тергеу изоляторларындағы адамдар;
жұмыс істемейтін оралмандар;
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
мүгедектер;
орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқитын адамдар;
оқуды аяқтағаннан кейінгі келесі күнтізбелік үш ай ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының күндізгі оқу бөлімінде оқуын аяқтаған адамдар.
Емханаға тіркелу, әлеуметтік мәртебені анықтау
Емханаға тіркелу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қатысу үшін өте маңызды, осылайша болашақта сақтандырылған азаматтар сақтандыру медицинасының аясында медициналық қызметтер пакетіне рұқсат алады.
Емханаға тіркелу тәртібі туралы толығырақ Емхана таңдауы өз қолыңызда! мақаласынан білу керек.
Келесі қызметтер және сервистер көмегімен өз емханаңызды немесе емханаға тіркелуді, сондай-ақ өз әлеуметтік мәртебеңізді тексере аласыз:
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу