Астана қаласының Дерматология және жыныс қатынасы ауруларын алдын ала емдеу орталығы мынадай медициналық және дәрігерлік қызметтер көрсетеді:
- физиотерапия, дерматовенерология, урология, андрология, медициналық психология, психотерапия мамандықтары бойынша ересектерге және балаларға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету;
- дерматовенерология, физиотерапия, диетология мамандықтары бойынша ересектерге және балаларға стационарлық медициналық көмек көрсету;
- медициналық сараптамалық қызмет: уақытша қызметке жарамсыздық және кәсіби жарамдылық сараптамасы (профилактикалық және мерзімдік тексеру);
- массаж, халықты гигиеналық оқыту (СӨЖ) мамандықтары бойынша ересек тұрғындарға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету;
- алғашқы санитарлық көмек; білікті;
- жедел медициналық жәрдем: жедел медициналық жәрдем;
- диагностика: зертханалық (жалпыклиникалық зерттеу), зертханалық (биохимиялық зерттеу), зертханалық (бактериологиялық зерттеу), зертханалық (серологиялық зерттеу), зертханалық (цитологиялық зерттеу), зертханалық (иммунологиялық зерттеу), ультрадыбыстық диагностика;
- дерматокосметология мамандығы бойынша ересек тұрғындарға консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету.